Анкарада Ресей елшісі оққа ұшты

Dalanews 20 жел. 2016 03:21 944

Анкарадағы Ресей Федерациясының Елшісі Андрей Карлов жасалған қарулы шабуылдан кейін көз жұмды деп хабарлайды ҚазАқпарат

Шабуыл елші фотокөрменің ашылуына қатысып жатқан кезде орын алған.  Hurriyet басылымының жазуынша, оқиға РФ елшісінің құттықтау сөз сөйлеуі барысында болды.

[caption id="attachment_22295" align="alignleft" width="279"] Елшіге оқ атқан адам[/caption]

Дипломат ауыр оқ жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Бірақ дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Би-Би-Си-дің жазуынша, шабуыл барысында тағы бірнеше адам жарақаттанды. Айта кетейік, соңғы уақытта Түркияда Сириядағы ресейлік саясатқа қарсы акциялар жиі өтіп тұрды.

Көп ұзамай интернетте жасалған шабуылдың видеосы пайда болды. Онда ер адам құттықтау сөз сөйлеп тұрған елшіге оқ атқаннан кейін, фотокөрмеге жиналғандарға қару кезеп, өз тілінде әлденені айтып, айғайлайды. Көз ұзамай полицейлер қаскөйдің көзін жойды.  Бірер сағаттан кейін видео желіден алынып тасталды.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар