Әмина Әжібаева балалар үйі "әдейі өртелген" деген қауесетке жауап берді

Сағыныш Сардарова 10 қар. 2025 17:11

"Перзент" балалар үйінің директоры Әмина Әжібаева мекеме әдейі өртеліп, жерді иелену мақсатында қасақана ұйымдастырылған деген болжамды жоққа шығарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы ол HALYQSTAN тілшісіне берген жауабында мәлімдеген.

"Ондай болуы мүмкін емес. Бұл – жалған ақпарат. Өрт моншадан шыққан", -  деді ол.

Бұған дейінгі сұхбаттарының бірінде Әмина Әжібаева біраз уақыт жертөледе тұрғанын, кейін Марғұлан Сейсембай, Асқар қажы Әбітайұлы осы үйді бергенін айтқан еді.

Еске салайық, кеше Алматыда балалар үйі өртенді

Кейінірек Әмина Әжібаева оқыс оқиғаны пайдаланып, ақша жинамауды сұрады. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар