Алматы қаласында өрт сөндірушілер Наурызбай ауданы Алтын орда базары маңында орналасқан балалар үйіндегі өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше өрт аумағы 1000 шаршы метрді құраған. Балалар үйінің директоры - елге танымал Әмина Әжібаева. Өрт болған жерге қала әкімі Дархан Сатыбалды мен Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаева келген.
Өрт балалар үйі орналасқан ғимараттың асханасынан шыққан. Барлық балалар қауіпсіз жерге көшірілген. Зардап шеккендер жоқ.
