Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Мұрат Досмұратов үйқамаққа алынды. Бұл туралы "Ақ Жайық" басылымына дереккөз мәлімдеген, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұған дейін БАҚ Мұрат Досмұратовтың қызметтік өкілетін асыра пайдаланғаны үшін 72 сағатқа қамауға алынғанын хабарлаған болатын. Шенеуніктің ұсталуына бас директор Ғалымжан Жусанбаев пен оның орынбасары, бас инженер Әділет Шошанбасов таяуда қызметінен босатылған Атырау мұнай өңдеу зауытындағы соңғы оқиғаларға қатысы жоқ екені атап өтілген.
Еске салайық, Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатқаны туралы мәлімдеме жасаған еді.
"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС басшылығына қатысты мемлекетке аса ірі көлемде залал келтіру түріндегі ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді өңірлік прокуратураның үйлестіруімен Атырау облысы бойынша ҚМА департаменті бастады", - делінген болатын хабарламада.