Димаштың құрметіне арнап түрлі тәтті тағамдар дайындалған. Норико Брунел есімді жапон қызы бір күн бойы тәтті бәліштер пісіріп, онда Димаштың есімін ойып жазған.
Нью-Йоркте 30 жыл өмір сүрсе де, Норико алғаш рет өзге елдің мәдениетіне осыншалықты қатты қызығушылық танытқан.
– Бірде Фейсбуктегі бір досым Димаштың орындауындағы S.O.S. әнінің видеосын өз парақшасына жүктепті. Менің күйеуім француз болғандықтан, оның осы әнді тыңдағанын қаладым. Мен Димаштың сол орындауына тәнті болдым. Біз Димаштың халықаралық фан клубының мүшелеріміз (DKIFC), сонымен қатар біздің клуб Dimash USA фан-клубына да жатады. Димаш АҚШ-қа келген сайын біз оны барынша қолдап, жанкүйер боламыз, – дейді Норико Брунел.
Дереккөзі: weekend.bugin.kz