"Аманат" партиясының экс-депутаты Серікқан Жақыпов педофил деп айыпталып, прокурор оны өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын сұрап отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алдағы күндері сот жеті жастағы баланы зорлады деген күдікке іліккен бұрынғы мәслихат депутатына қатысты үкім шығарады.
Жақыповқа арызды баланың анасы (оның жақын туысы) түсірген. Кейін бұл деректі тиісті сараптама растаған.
Экс-депутаттың жұбайы күйеуінің мұндай қылмысқа бармағанына сенімді екенін мәлімдеп, тергеу изоляторына ас-ауқат салынған сәлемдеме жіберуде.
Айта кетелік, Қаңтардан кейін бұрынғы "Нұр Отан", қазіргі "Аманат" партиясына халықтың қарсылығы күшейген еді. Жұрттың пікірінше партия халық сөзіне құлақ аса бермейді. "Ескі Қазақстаннан" мұраға қалған саяси ұйым бұқараның сенімінен айырылған.