Altyn Bank басшылығына Мұрат Байсынов келді

Кәмшат Тілеухан 02 мау. 2025 15:16

"Altyn Bank" АҚ Басқарма төрағасы лауазымына Мұрат Байсынов тағайындалды. Ол Марат Әлменовтің орнын басты, деп хабарлайды Dalanews.kz.  

Мұрат Байсынов еліміздің қаржы секторында 30 жылдан астам жұмыс тәжірибесіне ие.

2004 жылға дейін ҚР Ұлттық Банкінің заң департаментінде жұмыс істеген.

2004–2007 жылдары – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің заң департаментінің директоры болған.  

2007–2011 жылдары – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

2011–2012 жылдары – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ атынан ұлттық қаржылық институттардың директорлар кеңестеріндегі өкіл болған.

2012–2013 жылдары – "Темірбанк" АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарған.

2014 жылы – "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның бас заңгерлік кеңесшісі.

2014 жылғы қараша айынан бастап "Altyn Bank" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі қызметін атқарып келеді.

Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі үшін "Құрмет" орденімен марапатталған.

Банк басқару командасын күшейту аясында Динара Арслан "Altyn Bank" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Оның жауапкершілік аймағына бөлшек бизнес пен цифрлық банкингті дамыту кіреді.

"Altyn Bank" АҚ – корпоративтік және бөлшек сауда бойынша клиенттерге арналған өнімдер мен қызметтердің толық спектрі бар әмбебап коммерциялық банк. Жеке тұлғалар Altyn-i цифрлық банкингі арқылы қызмет ала алады. Ол активтері бойынша 13-орында және қазақстандық коммерциялық банктер арасында ең жоғары рейтингтердің біріне (Fitch – "BBB", Moody's - "Baa3") ие. Банктің Алматыда, Астанада, Атырауда, Шымкентте, Ақтауда және “Астана” халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) алты филиалы бар. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар