Павлодар облысында монополист қоқыс көму қызметіне әртүрлі тариф қолданған

Павлодар облысында монополист қоқыс көму қызметіне әртүрлі тариф қолданған
pixabay.com

Павлодар облысының Ақсу қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды көму қызметін көрсететін монополист әріптестеріне негізсіз әртүрлі тариф қолданғаны анықталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті жүргізген талдау барысында «Ақсу-Полигон» ЖШС-нің бірдей шарттар бойынша қызмет алушыларға әртүрлі баға белгілегені белгілі болған.

Ведомствоның мәліметінше, серіктестік Ақсу қаласы аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды көму қызметі нарығында 100 пайыздық үлеспен монополиялық жағдайға ие.

Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты кәсіпорынға оларды жою туралы хабарлама берілген.

Нәтижесінде тараптар қосымша келісімдер жасап, нарықтағы барлық контрагенттер үшін бірдей шарттар мен тарифтерді белгіледі.