Алтынбек Сәрсенбаевты өлтірді деген айып тағылған Ибрагимов 18 жылдан кейін бар шындықты айтты

Алтынбек Сәрсенбаевты өлтірді деген айып тағылған Ибрагимов 18 жылдан кейін бар шындықты айтты
datnews.info
18 жылдан кейін Рустам Ибрагимов "Злобная татешка" YouTube-арнасына берген сұхбатында ауыр қылмыстың мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

18 жылдан кейін Рустам Ибрагимов "Злобная татешка" YouTube-арнасына берген сұхбатында саясаткер Сәрсенбаевтың өліміне қатысты ауыр қылмыстың мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Белгілі саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев, оның екі көмекшісі Василий Журавлев пен Бауыржан Байбосынның өлімі әлі күнге дейін жұмбақ күйінде қалып отыр. 18 жылдан кейін де бұл қылмыстың құпиясы ашылмады.

2006 жылы ақпанда Алматы облысының Талғар ауданында Көктөбе кенті мен 12-бригада кенті арасында жол жиегінен Алтынбек Сәрсенбаев пен оның көмекшілерінің мәйіттері табылған болатын. Кейін Сенат аппаратының басшысы Ержан Өтембаев қамауға алынғаны туралы ақпарат пайда болды.

Ал Рүстем Ибрагимов сұхбатта Алтынбек Сәрсенбаевтың өліміне қатысы барын толығымен жоққа шығарды. Оның айтуынша, кісі өлтіруге тапсырыс берушілер - Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаев.

Сонымен қатар, оның мәлімдеуінше, олар қалай жауап беру керегіне нұсқау берген, Қалмұханбет Қасымов, Бауыржан Мұхамеджанов және Рашид Түсіпбеков те осы қатарда болған.

Федералды тергеу бюросы қызметкерлері Ибрагимовты шындық детекторы арқылы да тексерген, бұл оның өлтірмегенін көрсетіпті. Алайда бұл қылмыстық іске араластырылмаған.

Сонымен қатар, Ибрагимов Алтынбек Сәрсенбаевтың, оның жүргізушісі Василий Журавлевтің және оққағары Бауыржан Байбосынның денелері табылған жерге әкелініп қойылғанын, олар бұл жерде өлтірілмегенін айтады.