Биыл қаладағы жолдар мен көшелерді тазалауға 2 мыңға жуық техника мен 3,5 мың қызметкер жұмылдырылатын болады. Алтай Көлгінов әлеуметтік нысандарға кіретін жолдарды, тротуарларды, аялдамаларды тазалауға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, пәтер иелері кооперативтерімен бірлесіп аулаларды тазалау жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Құм-тұз қоспасын дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Елорда әкімі қызметкерлерге жағдай жасау керектігін атап өтті. Мәселен, жалақыны уақытылы төлеу, ыстық тамақ ұйымдастыру, техниканы жаңарту кешікпеуі керек екенін қадап тұрып айтты.
Алдағы уақытта қосымша 100-ден астам техника сатып алу жоспарлануда. Арнайы техниканы сатып алу «Астанаэнергосервис» акционерлік қоғамының үнемделген қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Алтай Көлгінов қызметкерлерге игі еңбектері үшін алғысын білдірді. Жұмысшылардың күнделікті еңбегі нәтижесінде қаламыз таза әрі жайлы.