"Алтаудың хаты": атақты "Алтын орда" базарына қатысты тексеріс нәтижесі қандай?

Сағыныш Сардарова 31 қаз. 2024 12:27 2835

Сенат кулуарында Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев "Алтын орда" базарын Антикор қызметкерлері тартып алды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

"Осы мәселеге қатысты тергеу жұмыстары жүргізілді. Оның қорытындысына сәйкес басып алу әрекеті тіркелген жоқ", - дейді  Ғалымжан Қойгелдиев.

Айта кетейік, бұған дейін мәжіліс депутаты Абзал Құспан "Алтын орда" базарын қайтадан басып алу ісіне қатысты мәселе көтеріп, бұл жағдайға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізуді талап еткен болатын.

Хатты мәжіліс депутаттары Бақытжан Базарбек, Абзал Құспан Жарқынбек Амантай, Нұрсұлтан Бәйтілесов, Данабек Исабеков және Асқар Садықов жазған. 

Хат "Алтын орда" базарын қайтадан басып алу ісіне қатысты. Бұған дейін Болат Назарбаев базарды "ескі әдіспен" басып алған. Енді депутаттар олар базарды қайтадан басып алушылардың әрекеттерін тергеуді талап етіп отыр. Себебі депутаттар олардың "жаңа Қазақстан" өкілдерімен туыстық байланысы бар деп болжаған.

Халық қалаулылары Антикор басшысы Асхат Жұмағалиевтен жан-жақты тергеу жүргізуді сұрады. Олар арызын соталды тергеу тізіміне енгізіп, базарды басып алуға қатысты зерттеу жүргізуді талап етті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар