Алматылық фармацевт қызметін пайдаланып, қылмыстық топқа көмектескен

Алматылық фармацевт қызметін пайдаланып, қылмыстық топқа көмектескен
ІІМ

1 қаңтардан бастап күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қылмыстық жауапкершілік енгізілген болатын, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ақтөбе облысында осындай заттарды заңсыз өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды.

Тергеу барысында Алматы қаласындағы дәріханалардың бірінің фармацевті қызметін пайдаланып, күшті әсер ететін заттардың ірі көлемін Ақтөбе облысына жеткізуді ұйымдастырғаны анықталған.

"Қылмыстық топтың барлық мүшесі, соның ішінде ұйымдастырушы, оператор, ораушылар және заттарды жасырумен айналысқан күдіктілер ұсталды. Заңсыз айналымнан мыңнан аса препарат тәркіленді", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің аға жедел уәкілі Үмітбек Фархадов.