Алматыдағы заңсыз казино ісіне күдікті Вьетнамнан жеткізілді

Алматыдағы заңсыз казино ісіне күдікті Вьетнамнан жеткізілді
gov.kz

Қазақстанда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінген шетел азаматы Вьетнамнан экстрадицияланды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті 2022-2023 жылдары сыбайласымен бірге Алматы қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, 12 млн теңгеден астам қылмыстық табыс тапқан.

Қылмыстан кейін күдіктілердің бірі жауапқа тартылса, екіншісі құқық қорғау органдарынан жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.

Ол биыл ақпан айында Вьетнамда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмыс бойынша оған мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.