Алматыда үйсіз-күйсіз жүргендерге рейд шарасы күшейтілді

Алматыда үйсіз-күйсіз жүргендерге рейд шарасы күшейтілді
Алматы ПД

Алматыда үйсіз-күйсіз жүргендерге рейд шарасы күшейтілді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қала полициясы мәліметінше, жыл басынан бері "Пана" әлеуметтік бейімдеу орталығына 388 адам жеткізілген. Оның 54-і одан әрі көмек алу үшін орталықта қалған.

Қалғандары тексерістен кейін ұсынылған көмектен бас тартқан.

Рейд барысында полиция азаматтардың кім екенін анықтап, ақпараттық есеп бойынша тексереді және қажет болған жағдайда тиісті көмекке бағыттайды.

"Учаскелік инспектордың міндеті көшеде жүрген адамды анықтаумен ғана шектелмейді. Оның қандай көмекке мұқтаж екенін түсіну және тиісті қызметтерге бағыттау маңызды", - деді Алматы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.