Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды dalanews.kz.
LRT жобасын іске асыру аясында Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Инженерлік желілерді қайта орналастыру жұмыстарына байланысты мына аумақтар жабылады:
- 3 қыркүйек сағат 22:00-ден 4 қыркүйек сағат 06:00-ге дейін Аносов көшесінен Бруно көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылады.
- 4 қыркүйек сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Аносов көшесінің Төле би көшесінен Артем көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы жабылады.
