Алматыда такси жүргізушісі шетелдік туристерден заңсыз алған 150 долларды қайтарды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Полицейлер шетелдік туристерден артық ақша алған такси жүргізушісін анықтап, заңсыз алынған қаражатты иелеріне қайтарды.
Полицияның мәліметінше, Үндістанның екі азаматы Алматы халықаралық әуежайынан қаланың жоғарғы бөлігіне дейін таксимен барған. Жүргізуші жол ақысы үшін олардан 150 АҚШ долларын алған.
Тексеріс барысында жүргізуші анықталып, туристерден заңсыз алынған ақша толық көлемде қайтарылды.
Бұл дерек бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік материалдар рәсімделді. Ал іс заңды шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі сотқа жолданады.