Алматыда Škoda қолдауыменcNe Prosto Orchestra концерті өтті

Алматыда Škoda қолдауыменcNe Prosto Orchestra концерті өтті
Škoda

Алматыда Ne Prosto Orchestra ұжымы 4 қыркүйекте Достық сарайында «BEST OF NE PROSTO POP» бағдарламасын ұсынды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Музыкалық кеште Adele, Lady Gaga, Coldplay, Bruno Mars, Black Eyed Peas, Daft Punk және басқа да әлемдік орындаушылардың танымал композициялары симфониялық өңдеуде орындалды.

Концерттің бас демеушісі — Allur автомобиль компаниясының құрамына кіретін Škoda Qazaqstan болды.

Оркестрлік бағдарлама әр дәуірдің музыкалық туындыларын біріктіріп, көпшілікке жақсы таныс поп-музыканың симфониялық форматта қалай жаңаша ашылатынын көрсетті. Škoda Qazaqstan үшін Ne Prosto Orchestra-мен серіктестік заманауи мәдени ортаны дамытуға бағытталған жұмыстардың бір бөлігі саналады.

Компания өкілдерінің айтуынша, мұндай жобалар брендтің адамға көңіл бөлу, жаңа идеяларға ашық болу және көрерменге жағымды эмоция сыйлау құндылықтарымен үндеседі.

«Ne Prosto Orchestra жігіттері тағы да музыка сүйер қауымды бір алаңға жинады. Күзді пікірлес жандардың ортасында бастап, жастық шақтан таныс әрі сүйікті шығармаларды тамаша орындауда тыңдау өте жағымды. Музыка мен ән – жан азығы. Ол адамды өмірдегі ең маңызды нәрселер туралы ойлануға, үміттенуге және алға жылжуға күш береді. Осындай шаралар көбейіп, адамдардың жағымды эмоцияларын бір-бірімен бөлісуіне себеп көп болсын», – деді Škoda-ның Қазақстандағы дистрибуция жөніндегі басшысы Андрей Гананыкин.

Алматыдағы концерт Ne Prosto Orchestra-ның биыл Škoda Qazaqstan қолдауымен өткен үшінші концерті болды.

Серіктестік мұнымен аяқталмайды. 20 желтоқсанда Астанада Qazaqconcert сахнасында «Ne Prosto Новый год» атты келесі концерт өтеді.