Алматыда қолына пышақ ұстаған ер адам тұрғындарды шошытқан

Алматыда қолына пышақ ұстаған ер адам тұрғындарды шошытқан
видео кадры

Әлеуметтік желіде Алматы көшелерінің бірінде қолына пышақ ұстап жүрген ер адамның видеосы тарады. Куәгерлердің айтуынша, ол көшедегі тұрғындарға тиіскен, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оқиға Бостандық ауданында болған.

Алматы Полиция департаменті бұл жағдайға байланысты тексеріс басталғанын мәлімдеді. Қазір ер адам анықталған, оны ұстау бойынша жедел шаралар жүргізіліп жатыр.

"Мұндай әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіреді. Оның әрекетіне қандай себеп болса да, заң аясында тиісті баға беріледі", - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Полиция күдікті заңға сәйкес жауапқа тартылатынын айтты.