Алматыда LRT жобасы аясындағы жұмыстарға байланысты Абылай хан даңғылының бір бөлігі көлік қозғалысы үшін жабылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Әкімдік мәліметінше, Абылай хан даңғылының Гоголь көшесі мен Мақатаев көшесі арасындағы бөлігінде инженерлік желілерді қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Осы учаскедегі көлік қозғалысын 29 тамызда сағат 07:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.