Алматыда LRT құрылысы аясында қарқынды дайындық жүргізіліп жатыр

Алматыда LRT құрылысы аясында қарқынды дайындық жүргізіліп жатыр
Алматы әкімдігі

Алматыда LRT құрылысы аясында Төле би көшесіндегі 165 ескі тірек алынады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алматыда алғашқы LRT құрылысы аясында жұмыстардың кезекті кезеңі басталады. Төле би көшесі, Момышұлы көшесінен Жароков көшесіне дейінгі шығыс бағыттағы учаскеде бұрынғы трамвай желісінің байланыс торабына тиесілі тіректер алынып, олардың орнына жаңа сәндік тіректер орнатылады.

Қазір қолданыстағы тіректерде әуе электр беру желілері, байланыс желілері, интернет-провайдерлердің желілері, жарнамалық құрылымдар және басқа да инженерлік коммуникациялар орналасқан. Олардың бір бөлігінің меншік иелері немесе пайдаланушы ұйымдары әлі күнге дейін анықталмаған.

25 шілдеден бастап осы учаскеде бұрынғы байланыс торабының 165 тірегін алып тастау және сыртқы жарықтандырудың жаңа тіректерін орнату жұмыстары басталады.