Жеткізу қызметінде жұмыс істейтіндердің айтуынша, мұндай жағдайлар соңғы уақытта жиі кездеседі. Олар мәселе бір ғана Алматымен шектелмей, Қазақстанның басқа қалаларында да байқала бастағанын айтады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ұрылардың әрекеті қарапайым: курьер мейрамханада, көшеде немесе тапсырысты жеткізу нүктесінде басқа іске алаңдап тұрған сәтте, белгісіз адамдар термосөмкенің сыдырмасын ашып, ішіндегі тапсырысты алып кетеді.
Курьер небәрі бірнеше минутқа назарын басқа жаққа аударуы мүмкін. Мысалы, екінші тапсырысты алу, самокатты қою немесе жұмысқа қатысты өзге мәселені шешу кезінде сөмке қараусыз қалады. Осы қысқа уақыттың ішінде тапсырыстар қолды болып кететін жағдайлар тіркеліп жатыр.
Жеткізу қызметінің өкілдері курьерлерді сақ болуға және термосөмкелерін қараусыз қалдырмауға шақырып отыр.