Freedom Inside '26

Алматыда ірі базар сүрілді

Алматыда ірі базар сүрілді
Алматы әкімдігі

Алматыда заңсыз салынған "Береке" базары сүрілді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қалалық жоспарлау және урбанистика бақылау басқармасы Гоголь көшесі, 173 мекенжайында орналасқан "Береке" базары сүрілгенін хабарлады.

Базардың сауда орындары меншік иесі тарапынан рұқсатсыз салынған. Жоспардан тыс тексеріс барысында меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқау берілген.

Алайда нұсқау талаптары орындалмағандықтан, басқарма заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап-арызды мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа жолдаған.

Сот сауда орындарын бұзу туралы шешім қабылдап, кейін бұл шешім орындау үшін Әділет департаментіне жіберілген.

Меншік иесі бірінші сатыдағы сот шешімін орындау мақсатында нысанды өз еркімен бұзды.