Freedom Inside '26

Алматыда дұрыс қойылмаған көліктер жаппай айып тұрағына жеткізіліп жатыр

Алматыда дұрыс қойылмаған көліктер жаппай айып тұрағына жеткізіліп жатыр
Алматы ПД

Алматыда дұрыс қойылмаған көліктер жаппай айып тұрағына жеткізіліп жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қалада жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерді анықтау жұмыстары жалғасып жатыр. Кезекті рейд Алмалы ауданында өткізілген.

Тексеріс шараларына эвакуаторлар тартылған. Полицияның мәліметінше, рейдтің алғашқы сағаттарында-ақ көлікті тоқтату және қою талаптарын бұзудың 50-ге жуық дерегі анықталған.

Соның ішінде 28 көлік арнайы айып тұрағына жеткізілді. Құқық қорғау органдары мұндай тексерістер алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Полиция жүргізушілерді көліктерін рұқсат етілмеген жерлерге қалдырмауға және тұраққа қою ережелерін сақтауға шақырды.