Алматыда Центральная көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Алматыда Центральная көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
pixabay.com

Алматының Бостандық ауданында электр желісіндегі апатты жою жұмыстарына байланысты 8-15 қазан аралығында Центральная көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жөндеу жұмыстары Центральная көшесі, 36 мекенжайында, автомобиль жолының астында орналасқан №2363 кернеуі 220 кВ электр беру желісінің кабельдік бөлігінде жүргізіледі.

Жөндеу жұмыстары Центральная көшесі, 36 мекенжайында жүргізіледі. Осыған байланысты К. Салықов көшесінен Жәңгір хан көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Апат зақымданған кабельдің жолдың астында орналасуына байланысты туындаған. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жол жабыны мен бетон науаны ашу қажет.

Жұмыстар қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, тәулік бойы жүргізіледі. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ жөндеу жұмыстарын барынша қысқа мерзімде аяқтап, көлік қозғалысына қойылатын шектеу уақытын азайту үшін қажетті шараларды қабылдап жатқанын хабарлады.

Жұмыстар аяқталғаннан кейін жол жабыны толық қалпына келтіріледі.