Алматыда былапыт сөз айтылған даулы семинардың ұйымдастырушысы айыппұл арқалады

Алматыда былапыт сөз айтылған даулы семинардың ұйымдастырушысы айыппұл арқалады
Алматы ПД

Алматы полициясы психологиялық семинар барысында болған оқиғаға назар аударды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алматы қаласында өткен психологиялық семинарлардың бірінде қоғамдық тәртіпті бұзу дерегі анықталған.

"Іс-шара барысында кейбір қатысушылар бейәдеп сөздер қолданып, айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіп нормаларын бұзған. Бұл дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ұйымдастырушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік іс қозғады", - деп жазылған Алматы ПД хабарламасында.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен құқықбұзушыға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған.