Алматыда бір тәулікте 2 мың мәрте жол ережесі бұзылған

Алматыда бір тәулікте 2 мың мәрте жол ережесі бұзылған
gov.kz

Кеше Алматыда жол қозғалысы ережелерін бұзудың 2 061 дерегі анықталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алматы прокуратурасы мәліметінше, оның ішінде жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін 252 жағдай тіркелген.

Анықталған деректер қатарында мыналар бар:

  • мас күйде көлік жүргізу - 7;
  • көлік басқару құқығынан айырылған адамның көлік жүргізуі - 2;
  • жалған мемлекеттік нөмірмен жүру - 3;
  • маневр жасау талаптарын бұзу - 68;
  • қауіпсіздік белдігін тақпау - 128;
  • қарсы қозғалыс жолағына шығу - 9;
  • көлік жүргізіп келе жатып телефон пайдалану - 35 дерек.

Сонымен қатар, 33 көлік арнайы тұраққа қойылған.