Алматыда әл-Фараби даңғылында қозғалыс уақытша шектеледі

Алматыда әл-Фараби даңғылында қозғалыс уақытша шектеледі
Алматы әкімдігі

Алматыда жексенбі күні Gran Fondo World Championship жарысына байланысты әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды dalanews.kz.

16 тамызда Алматыда әуесқойлар мен ардагерлер арасында велоспорттан Gran Fondo World Championship өтуіне байланысты әл-Фараби даңғылының кей жерінде көлік қозғалысының сызбасы өзгереді. Бұл туралы қалалық Спорт басқармасының өкілдері айтты:

  • Сағат 05:30-дан 06:40-қа дейін әл-Фараби даңғылының Достық даңғылынан Талғар тасжолына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
  • Сағат 05:30-дан 10:30-ға дейін Достық даңғылынан Науаи көшесіне дейінгі бөлікте көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Жүргізушілерден өзгерістерді ескеріп, жол жүру бағытын жоспарлау сұралды.