Freedom Inside '26

Алматыда адамдарға тиіскен жасөспірімдер енді Астананы шулатып жүргені рас па? Полиция жауап берді

Алматыда адамдарға тиіскен жасөспірімдер енді Астананы шулатып жүргені рас па? Полиция жауап берді
видео кадры

Алматы тұрғындарын үрейде ұстаған жасөспірімдерге қатысты оқиға әлеуметтік желіде қайта қызу талқылана бастады. Желіде тараған жаңа видеода бір топ жасөспірім автобуста келе жатқаны көрінеді. Видео авторлары, желі қолданушылары бұған дейін елден шығарылған шетелдік жасөспірімдер қазір Астана тұрғындарын мазалап жүргенін айтқан, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алайда Алматы Полиция департаменті бұл видеоға тексеріс жүргізіп, оның ескі видео екенін анықтаған.

Ведомство мәліметінше, әлеуметтік желіде тараған кадрлар 2024 жылы түсірілген.

Сондай-ақ, полиция жасөспірімдерге қатысты бұған дейін сот шешімі қабылданғанын еске салды.

"Сот шешімімен олар ел аумағынан депортацияланған", – деді Полиция департаменті өкілі.