Freedom Inside '26

Алматыда адамдарға тас лақтырған жасөспірімдер енді Астананы шулатып жүр (ВИДЕО)

Алматыда адамдарға тас лақтырған жасөспірімдер енді Астананы шулатып жүр (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Бұған дейін Алматы тұрғындарының наразылығын тудырған жасөспірімдер тобы енді Астанада байқалғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, оларды елорда көшелері мен қоғамдық көліктерден көрген. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушылары түрлі жазба жариялап, жағдайды қызу талқылап жатыр.

Аталған оқиға көпшіліктің сынына ұшырады. Желі қолданушылары бұған дейін тәртіп бұзған жасөспірімдерге қатысты қатаң шара қабылданатыны айтылғанын еске салды. Алайда олардың елден шығарылғаны немесе жауапкершілікке тартылғаны туралы нақты ақпарат жоқ.

Кей азаматтар мұндай жағдай құқық қорғау органдарына деген сенімге кері әсер етуі мүмкін екенін айтып отыр. Олардың пікірінше, қоғамда шу тудырған оқиғалар бойынша ресми түсініктеме уақытылы берілуі керек.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары бұл жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.