Алматыда демалыс күндері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегін анықтауға және жол апаттарының алдын алуға бағытталған профилактикалық рейдтер өткізілді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Рейд барысында мотоцикл мен жеке мобильділік құралдарына ерекше назар аударылған.
Арнайы тұрақтарға 3 мопед, 298 самокат, 1 электрвелосипед және 1 мотоцикл қойылған.
"Бақылау тұрақты түрде жалғасады. Әсіресе, көлік қозғалысы қарқынды және жол апаты жиі тіркелетін учаскелерге ерекше назар аударылады", - деп мәлімдеді Алматы ПД бастығының орынбасары Ғалым Сарғұлов.