Алматының Түрксіб ауданында 12 жастағы жасөспірім пышақ жарақатын алып, қаза тапты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 10 маусым күні болған. Жанжал салдарынан кәмелетке толмаған бала алған жарақатынан көз жұмған.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қылмыс жасады деген күдікпен 13 жастағы Алматы тұрғыны ұсталды. Белгілі болғандай, ол марқұммен бұрыннан таныс болған.
Полиция қызметкерлері күдіктіні жедел түрде анықтап, ұстаған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Сонымен қатар құқық қорғау органдары кәмелетке толмаған күдіктінің ата-анасының жауапкершілігі мәселесін де қарастыруда. Әңгіме баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау фактісі туралы болып отыр.