Freedom Inside '26

Алматы облысында жеке үйден 28 келі синтетикалық есірткі тәркіленді

Алматы облысында жеке үйден 28 келі синтетикалық есірткі тәркіленді
Фото: ІІМ видео кадры

Алматы облысының Қарасай ауданында есірткі өндіруге арналған жасырын зертхана әшкереленді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тергеу мәліметінше, 29 жастағы ер адам зертхана ұйымдастыру мақсатында жеке үй сатып алған. Ол қажетті химиялық заттар мен арнайы құрал-жабдықтарды интернет арқылы алдырып отырған.

Тінту кезінде полиция қызметкерлері 28 келі дайын альфа-PVP есірткісін, 880 литр химиялық прекурсорларды және есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдықтарды тәркіледі.

Мамандардың есебіне сәйкес, алынған синтетикалық есірткі көлемі шамамен 125 мың реттік дозаға тең.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.