Freedom Inside '26

Алматы облысында оқу-жаттығу кезінде граната мерзімінен бұрын жарылып кеткен

Алматы облысында оқу-жаттығу кезінде граната мерзімінен бұрын жарылып кеткен
gov.kz

Алматы облысында полиция қызметкерлерінің жоспарлы оқу-жаттығуы кезінде қол гранатасы мерзімінен бұрын жарылған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алматы қалалық Полиция департаменті мәліметінше, оқиға болған сәтте жақын маңда жүрген бірнеше қызметкер жарақат алған. Оларға дер кезінде медициналық көмек көрсетілген. Қазір қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.

Ведомство әлеуметтік желіде тараған "көп жарылыс болғаны және қызметкерлер ауыр жағдайда жатқаны" туралы ақпаратты жоққа шығарды. Полиция тұрғындарды расталмаған мәліметті таратпауға шақырып, жалған ақпарат үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Айта кетейік, бұған дейін желіде "15 адам дене жарақатын алғаны, олар Қонаев қалалық ауруханасына жеткізілгені" туралы ақпарат тараған еді.