Freedom Inside '26

Алматы мен Ыстықкөл арасындағы жол төрт есеге дейін қысқаруы мүмкін

Алматы мен Ыстықкөл арасындағы жол төрт есеге дейін қысқаруы мүмкін
"Настоящее Время. Азия" скриншоты

Қазақстан мен Қырғызстан Алматыдан Ыстықкөлге дейін таулар арқылы өтетін тікелей автожол салу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл бағыттың тиімділігі мен экономикалық негізділігі әзірге бағаланып жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қазір Қазақстанда Алматы мен Ыстықкөлді жалғайтын ұзындығы шамамен 100 шақырым болатын тікелей жол салу жобасы пысықталуда.

Бұл туралы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) дамыту жөніндегі халықаралық инвестициялық диалог барысында Қазақстанның мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Айдос Көбетов мәлімдеді.

Оның айтуынша, жоба бойынша Қарағандыда конкурстық рәсімдер өтіп жатыр. Байқауға екі ірі компания қатысып жатыр, олардың бірі – халықаралық инвестор.

Қазіргі таңда Алматыдан Ыстықкөлге дейінгі жол шамамен 400 шақырымды құрайды және оған орта есеппен 6–7 сағат кетеді. Ал таулы шатқалдар арқылы өтетін жаңа бағыт іске асса, қашықтық шамамен 100 шақырымға дейін қысқаруы мүмкін.

Жобаны Азия даму банкі сүйемелдеп отыр. Қазір техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр. Кейін жоба келісу және сараптамадан өткізу кезеңіне жіберіледі.