Алматы әуежайында 21 келі марихуана алып өтпек болған шетелдік ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
30 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және кеден органдарымен бірлесіп, Алматы халықаралық әуежайында шетел азаматын ұстады.
ҰҚК мәліметінше, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің бірінен келген азаматтың жүгін тексеру кезінде шамамен 21 келі марихуана табылған.

Тәркіленген есірткі заттай айғақ ретінде алынған. Күдікті ұсталып, оған қатысты Қылмыстық кодекстің 286-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.