Жердегі метеостанция желдің бағыты мен жылдамдығын анықтайды. Nimbus екі қозғалтқышты ұшқышының техникалық сипаттамалары: ұшу уақыты - 2 сағат, түзу ұшу қашықтығы – 140 км, жылдамдығы – 72 км/сағ, ұшудың максималды биіктігі – теңіз деңгейінен 5500 м. Бұл жағдайда арнайы композицияны шашырататын экологиялық қауіпсіз пиротехникалық картридждер реактив ретінде жұмыс істейді.
– Біз жүк көтергіштігі 10 келіге дейін көтеретін дрон жасадық, ол бұлтты себуге, яғни жасанды жаңбыр тудыруға қолданылады. Біз мұндай жобаларды Қостанай облысында сынап жатырмыз, алдағы уақтта Маңғыстау облысындада сынақтан өткіземіз. Құрғақшылыққа байланысты өсімдіктер ғана зардап шекпейді, жануарларда қиналады. Жағдай көңілсіз, өздеріңіз білесіздер, – деді «KazTechInnovations» ЖШС жоба менеджері Ернұр Төлеген.
Жасанды жаңбырдың көмегімен қауаңшылық жылдары өрістерді суарып, өртті сөндіруге болады. Бұл әдіспен қыста қар жауғызып, өрістерді қармен жабу үшін де қолданылады. Бүгінгі күні компания өмірдің әртүрлі салаларында инновациялық жобаларды жүзеге асыруда – сотталғандарға арналған электронды білезіктер, электрмобильді платформалар, қоршаған ортаны бақылау станциялары, метеорологиялық станциялар, дәріхана сенсорлары, еңбек қауіпсіздігі датчиктері, Growgreenme өсімдіктерін отырғызу мониторингі, Robostore автоматтары ойлап табылды. Мұнайдың төгілуіне қарсы тұру үшін сфералық дрейфті қалтқы түрінде әзірленді.
Осы уақытта жасаушылар көп спектрлі бейнесі бар картаға түсіруге, деректерді қорғауға және әскерилерге, экологтарға, фермерлерге арналған шифрлаумен ұшқышсыз ұшу аппараттарына көп көңіл бөлуде.
– Экология бойынша мәселелер басталған кезде бізді интернеті заттар саласы қатты қызықтырды. Мысалы, біз Софт бөлігін әзірлейтін қазақстандық компаниямен бірігіп, ластануды бақылаудың автоматты жүйесі жасауға күш салудамыз. Жаңа жоба деректерді дереу экология министрлігінің серверлеріне жіберіледі. Сонымен қатар, біз парниктік газдар мониторингі бойынша Америка мен Бельгияның компаниялармен байланысқа шықтық, арнайы датчиктер әзірлеуді жоспарлап отырмыз, – дейді «KazTechInnovations» ЖШС бас директоры Таир Балбаев.
KTI зауыты «Алатау» инновациялық технологиялар паркінде орналасқан. Бұл зауыт – толық циклды өндіріс: оның өзіндік конструкторлық бюросы, металл өңдеу, қоспа технологиялары, композициялық материалдар өндірісі, пластмасса және силиконды қалыптау, гальваникалық жабындар және электронды бұйымдарды орнату цехтары бар. 2021 жылы «Алатау» инновациялық технологиялар паркінде 1383 жаңа жұмыс орнын құрайтын, 44,5 млрд теңге сомасына 8 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.