Алматы соты қаланың бұрынғы бас сәулетшісі Алмасхан Ахмеджанов қатысты бұлтартпау шарасын өзгертіп, үйқамаққа ауыстыру туралы өтінішті қанағаттандырмады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Сот отырысында адвокаттар Сәрсенов пен Өтебаев Ахмеджановты үйқамаққа немесе басқа да жеңілдетілген бұлтартпау шарасына ауыстыру туралы өтініш білдірген. Олар мұны айыпталушының екі жыл сегіз айдан астам уақыттан бері қамауда отырғанымен түсіндірді.
Сонымен қатар, өзге айыпталушылар Ардак Самамбетов, Ерлан Жармұханбетов және Алмазхан Бакиров қорғаушылары да бұлтартпау шарасын өзгертіп, қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.
Алайда сот бұл өтініштерді қолдамады.
Айта кетейік, 2026 жылғы 25 ақпанда апелляциялық инстанция 2025 жылғы 17 ақпанда шығарылған үкімнің күшін жойған. Іс қылмыстық-процестік заңнамадағы елеулі бұзушылықтарды жою үшін прокуратураға қайтарылған.
