Алматыға трамвай қайта оралуы мүмкін

Сағыныш Сардарова 24 қыр. 2025 15:06

Алматыда трамвай желісін қайта іске қосу жоспары қарастырылып жатыр. Бұл туралы "Алматыбасжоспар" ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Асхат Сәдуов айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, трамвай бағыты бұрынғы жолымен – "Барлықтан" бастап Төле би көшесі арқылы жүріп, әуежайға дейін созылады.

"Бұл батыс пен шығысты байланыстырып, қала тұрғындарына 20 минут ішінде жүріп-тұруға мүмкіндік береді. Мұндай тәжірибе әлемнің көптеген қаласында бар және ол өзін ақтаған шешім", – деді ол.

Қазір жобаға техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр. Егер EPC+F (жобалау, құрылыс және қаржыландыру) тәсілі қолданылса, трамвайды бес жыл ішінде іске қосуға болады. Сәдуовтың айтуынша, құрылыс мерзімі созылған сайын шығын да артады, сондықтан инвесторларды тарту маңызды.

Алматыда трамвайлар 2015 жылдан бері жүрмейді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар