Алматыға келген Мбаппе “Реал” тарихында болмаған рекорд орнатты

Қаракөз Амантай 02 қаз. 2025 15:20

Әлемнің жұлдызды шабуылшысы Килиан Мбаппе Алматыда "Қайратқа" қарсы өткен ойында хет-трик жасап, Чемпиондар лигасының апта үздігі атағына ұсынылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

30 қыркүйек пен 1 қазанда өткен топтық кезеңнің екінші турынан кейін УЕФА төрт футболшыны үздік ойыншы атағына ұсынды. Олар:

• Килиан Мбаппе (“Реал Мадрид”);

• Эрлинг Холанд (“Манчестер Сити”);

• Расмус Хёйлунн (“Наполи”);

• Йенс Петтер Хауге (“Будё-Глимт”).

"Реалдың" шабуылшысы Мбаппе "Қайратты" 5:0 есебімен ұтқан ойында турдың басты ойыншысына айналды.

Айта кетсек, Килиан бұл маусымды өте сәтті бастады. "Реал" сапындағы 9 матчта 13 гол соғып, бір нәтижелі пас берген. Ал Чемпиондар лигасында 5 голмен бомбардирлер тізімінде көш бастап тұр. Оны “Бавария” шабуылшылары Харри Кейн мен Майкл Олисе, сондай-ақ "Айнтрахт" футболшысы Жонатан Буркардт (4 голдан) қуып келеді.

Апта үздігі жанкүйерлердің дауыс беруіне байланысты анықталады. Дода УЕФА-ның ресми сайтында жүріп жатыр.

Чемпиондар лигасының үшінші туры 21-22 қазанда өтеді. Қазіргі таңда турнир кестесінде 6 ұпаймен "Бавария", "Реал", ПСЖ, "Интер", "Арсенал" және "Карабах" көш бастап тұр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар