Алматыдағы сауда орталығынан адамдар шұғыл эвакуацияланды

Көркем Алдабергенова 17 сәу. 2025 18:39 583

Алматының Moskva сауда орталығында жүрген адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сауда орталығында жүрген адамдарға төтенше жағдай болғаны хабарланып, шұғыл эвакуациялану сұралды.

 

Бұл жайтқа қатысты сауда орталығы пікір білдірді. 

MOSKVA metropolitan сауда орталығында ықтимал қауіп туралы хабарламаға байланысты эвакуация жүргізілуде.

"Сабыр сақтап, қызметкерлердің нұсқауларын орындап, ғимараттан дереу шығуыңызды сұраймыз. Қонақтарымыздың қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз.Қосымша ақпарат кейінірек хабарланады", дейді сауда орталығының өкілдері. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар