Қайғылы жағдай Түрксіб ауданындағы “Norma Logistics” ЖШС-не тиесілі қойма кешенінде орын алған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сәйкес, 21 жастағы азамат дәнекерлеу жұмыстарын атқарып жатқан сәтте жедел сатының астына түсіп қалған.
Алматы қаласының Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. Түрксіб аудандық полициясы еңбек қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.
“Кісі өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен қатар, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр,” – деді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.