Желіде «Қазтеміртранс» АҚ-ның Алматы филиалының басшысы ірі көлемде пара алу кезінде ұсталды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
«ҚазТемірТранс» АҚ қазіргі уақытта құзыретті құқық қорғау органдарының тергеу іс-шараларын жүргізіп жатқанын растады. Компания уәкілетті органдарға жан-жақты жәрдем көрсетеді және жүргізіліп жатқан тергеу шеңберінде барлық қажетті ақпарат пен құжаттарды ұсынады.
Сонымен қатар, қолда бар деректерге қарағанда, филиал объектілерін күзету бойынша мемлекеттік сатып алуларда ұтып алуға жәрдемдесу үшін ірі заңсыз ақшалай сыйақы алу туралы мәліметтер күмән туғызады, өйткені қазіргі уақытта «ҚазТемірТранс» АҚ мен күзет ұйымдары арасында жоғарыда көрсетілген қызметтерді көрсетуге шарттар жасасу бойынша барлық рәсімдер аяқталды (анықтама үшін: «ҚазТемірТранс» АҚ-ның жалпы бюджеті күзет қызметтері шамамен 200 млн. теңгені құрайды, Алматы филиалы бойынша өндірістік базаларды күзетуге 9 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді, бұл осы бағыттағы қолдап-қорғаушылық пара сомасы туралы таратылатын ақпараттан бірнеше есе аз). Өзге мән-жайлар тергеумен анықталатын болады.
"ҚазТемірТранс" АҚ сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне заңдылық, ашықтық және нөлдік төзімділік қағидаттарын ұстанады. Заңнаманы бұзу фактілері расталған жағдайда заңда көзделген барлық шаралар қабылданатын болады", - делінген хабарламада.
Компания істің барлық мән-жайларын объективті және жан-жақты тергеуге мүдделі және заңнамада белгіленген тәртіппен шындық анықталатынына сенетінін жеткізді.
