Алматыдағы ең үлкен орталық мешіт 14 қарашада ашылады. Бұл туралы Діни басқармаға жақын дереккөздер мәлімдеді, деп жазады Dalanews.kz.
Құрылысы жыл басында аяқталған мешітте екі мәрте айт намазы оқылды. Алайда ресми ашылу салтанаты өтпеді. Ел арасында мешітті пайдалануға беру құжаттарының рәсімделуі ұзаққа созылғаны туралы ақпарат тараған.
Айта кетейік, 2017 жылы іргетасы қаланған бұл мешіт 20 мың адамға арналған және Орталық Азиядағы ең ауқымды діни кешендердің бірі болып саналады.