Хромтау қаласында түнде пышақ жарақатын алған ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Марқұм көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан анықталған. Кейін оның Дон тау-кен байыту комбинатының қызметкері екені белгілі болды.
Полиция мәліметінше, 3 мамырға қараған түні екі ер адам бірге ішімдік ішкен. Олардың арасында жанжал туындап, соңы пышақ қолдануға ұласқан. Күдікті ретінде марқұмның танысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта тергеу органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.