"Жаны бар жүк": Өзбекстан азаматы адамдарды заңсыз тасымалдаумен айналысқан

"Жаны бар жүк": Өзбекстан азаматы адамдарды заңсыз тасымалдаумен айналысқан
видео кадры

Павлодар облысында адамдарды заңсыз тасымалдаумен айналысқан схема әшкереленді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Полицияның мәліметінше, Өзбекстан азаматы өз отандастарын Ресей арқылы Қазақстанға жеткізіп отырған. Ол үшін ішінде жасырын бөлігі бар MAN жүк көлігі пайдаланылған.

Жедел іс-шара кезінде көлік тоқтатылып, жасырын орын анықталған.

"Ұйымдастырушы ұсталып, қазір іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, оның басқа да осындай заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы анықталып жатыр", - деді полиция.