Қарағандыда пойыз жол жөндеушіні қағып мерт қылды

Қарағандыда пойыз жол жөндеушіні қағып мерт қылды
gov.kz

Жаңа-Қарағанды станциясы аумағында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

3 мамыр күні сағат 02:03 шамасында жол жөндеушіні пойыз қағып кеткен.

Оқиға туралы ақпарат бірден Қарағанды-Сортировочная станциясындағы желілік полиция бөліміне хабарланған.

Оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін оқиға орнына жедел түрде комиссия жіберілді. Оның құрамында Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ-ның бас инженері Рамазан Садырқұлов бар. Ол компаниядағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелеріне жетекшілік етеді.

Компания басшылығы бұл жағдайды ерекше бақылауға алған.