Алматыдағы атыс: Руслан Күлікбаев полицейлерді қалай қырып салғанын айтып берді

Dalanews 24 қаз. 2016 13:42 903

Руслан Күлікбаев қалай теракті жасағанын айтып берді.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Алмалы аудандық ІІБ барып ауласында отырған біреуді көрдім. Ол телефонмен сөйлесіп отырды, «следак» екенін білдім, атуды содан бастадым», — деді Руслан Күлікбаев басты сот отырысында берген жауабында.
 «Жезөкшелерді өлтірген соң, мен таң намазын оқып алдым да, Алмалы аудандық сотына бардым. Сол жерде прокурорлар мен соттарды атқым келді. Бірақ, қарапайым адамдардың кіріп-шығып жүргенін көріп атпадым. Сосын РОВД жаққа бардым. Сол жерден бастадым. Барсам, бір адам телефонмен сөйлесіп отыр екен. Оның «следак» екенін білдім. Өйткені, «дело түсті ары қарай өзім контроль жасаймын» деп жатыр, соны атып тастадым. Сосын мен күзетке кірдім, ол маған қарап тұрды. Ол сосын жерге жатып қалды, сол жерде атып тастадым», — деп баяндады ол.

«Екінші қабатқа көтерілдім, сейфтің артында біреу тұр екен, оны атып едім, тимеді. Ол қашып кетті. Артынан барсам, ол терезеден секіріп кеткен екен. Оны атпадым, қарапайым адамдарға тиіп кетер деп. Сосын 1-қабатқа, астына түстім де РОВД-ның алдына шықтым. Алдында бір «сороковка» (Тойота Камри 40 — агенттік) тоқтап тұрғанын көріп отырып алдым. Ол маған: «Төрт балам бар өлтірмеші» деді. «Мен сені өлтірмеймін, тек алдыға жүріп отыр. Қай жерде патруль бар сол араға тоқта» дедім. Алға жүріп келе жатқанда бір патруль тұрды, білмеймін қай жер екенін соны атып кеттім», — деп жалғастырды Руслан.

«Оның қасына тоқтамадым, өтіп бара жатып аттым. Байзақов көшесіне қарай көтерілгенмін, тура кетіп бара жатқанда патрульді көріп қалдым соның алдына бұрыл дедім. Соның қасынан метрдей өтіп барып тоқтадық. Мен сол жерде түстім де, екеуін де атып тастадым. Содан оғымды қарадым, автоматта 3-4 оқ қалған екен, сосын пистолет алып алдым. Сосын маған ғимарттан біреу оқ атты, ол оқ маған тиген жоқ. Машинаға тиді. Жоғары көтерілген соң қарасам КНБ деп жазылып тұр екен. Ары қарай кете бердім», — дейді Күлікбаев.

«Алдымнан бір кісі кездесті. Мен одан «Сен кімсің?» деп сұрадым. Қолында дело бар екен. Ол маған: «Мен жай азаматпын» деді. Мен «Өтірік соқпа, қалтаңда «корочка» бар ғой. Неге алдап тұрсың мені?» дедім. «Куәлігіңді көрсет» дедім, ол «алдап тұрғам жоқ» деді. «Егер мені алдап тұрсаң, мен сені Аллаһ жолында атып тастаймын» дедім. Корочкасын қарасам, алдап тұр екен, атып тастадым. Сороковкадағы мені келіп соқты. Оны атамын деген ой да болған жоқ. Қарасам, терезесінде тонировка бар екен. Көйлегінің жағасы сотрудниктердің формасына ұқсап кетті. Жанына шықтым да аттым, сосын барып білдім, оның сотрудник емес екенін. Сосын Абылай хан көшесіне бардым, онда атыстым. Ең соңында Галимов Аян деп жатыр ғой, сол мені атты. Ол бірінші атты. Сосын онымен атыстым, маған да оқ тиген», — деді Руслан Күлікбаев.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар