Айта кетсек, адам өлімімен аяқталған атыс бүгін сағат 17:00 шамасында орын алған. Ресми деректерге сүйенсек, сот шешімін орындаушылар екі адамның меншік құқығына қатысты дауға байланысты күдіктінің үйіне келген. Сот шешімімен естіген азамат үйінен қару алып шығып, сот орындаушысына, учаскелік полиция инспекторларына және аулада болған басқа адамдарға қарудан оқ жаудырды.
Нәтижесінде бес адам көз жұмған. Оның ішінде үйдің жаңа иесі мен тағы бір тұрғын бар.
Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рүстем Әбдірахмановтың сөзінше, атыс болған уақытта үйде әйелдер мен балалар болған.
“Күдікті арнайы жасақ сарбаздарының қатысуымен қару қолданылмай ұсталды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы 2 бөлігі "Кісі өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс жасағаны үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған”, –деді ол.
Қазіргі таңда болған оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде, аймақты полиция қоршауға алды.
https://dalanews.kz/del-qazir/68090-almatydagy-atystan-beybit-turgyndar