Сот шешімі бойынша Алматы қаласы Медеу ауданындағы 3-ші көше, 12-учаске бойына салынған нысанды бұзу басталды,- деп хабарлайды Dalanews.kz Қала құрылысын бақылау басқармасына сілтеме жасап.
Құрылысқа рұқсат беру құжаттарының пакеті жоқ, ол жоспардан тыс тексеру барысында анықталды.
Нәтижесінде меншік иесіне (жеке тұлғаға) қатысты жол берілген бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, әкімшілік шаралар қабылданды.
Меншік иесі нұсқаманың талаптарын орындамағандықтан, бұзу туралы талап арыз аудандық сотқа жіберілді.
2024 жылғы 7 ақпанда Медеу аудандық сотының шешімімен басқарманың талап арызы қанағаттандырылды. 2024 жылғы 27 мамырда Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырды.
Нысанды бұзу бүгін қаланың Әділет департаментінің қатысуымен басталды.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысты бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында 2023 жылдың басынан бері 67 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», KHAN және басқа да тұрғын үй кешендері толығымен немесе ішінара бұзылған.