Алматыда ұлтаралық араздықты қоздырды деген күдікпен әйелге қылмыстық іс қозғалды

Көркем Алдабергенова 27 сәу. 2026 12:14

Алматы полициясы әлеуметтік желіде ұлттық белгісі бойынша қорлайтын мәлімдемелер жасаған Виолетта П.-ға қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы журналист Михаил Козачков хабарлады, деп жазады Dalanews.kz.

Мәліметке сүйенсек, әйел бұған дейін жарнама компаниясының директоры болып жұмыс істеген, алайда қазіргі уақытта қызметінен босатылған. Сондай-ақ оның Қазақстан азаматы екені айтылды.

Журналистің жазуынша, күдікті Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен мемлекеттілігін мойындамайтын пікірлер айтқан, мұсылмандарды қорлаған және ресейлік насихатшы Владимир Соловьёвты қолдаған.

Бұл мәлімдемелер көптеген қазақстандықтың наразылығын туғызып, полицияға жаппай арыздар түсе бастаған.

Осыған байланысты Алматы қалалық полиция департаменті ресми түсініктеме берді.

Ведомствоның хабарлауынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Азаматша П. анықталып, полицияға жеткізілген. Қазір оның әрекеттеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріліп жатыр.

Полиция мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін атап өтті. Сондай-ақ мәртебесіне не өзге жағдайларға қарамастан, ұлттық белгісі бойынша қорлауға жол берген барлық азамат заң аясында жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Сонымен қатар Алматы полициясы ұлтаралық келісімді бұзуға бағытталған кез келген әрекетке, арандатушылық және өшпенділік тудыратын контент таратуға қатаң тосқауыл қойылатынын мәлімдеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove